бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда әскерилер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

2025-04-18     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әскерилер Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Бегуновты туған күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлы Отан соғысына қатысқан Иван Матвеевич Бегуновты туған күнімен құттықтауға Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының,Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері,жергілікті атқарушы органдардың және "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының өкілдері барған.

Қарулы күштер ардагерлері қалалық кеңесінің өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып,майдангерге жеңіске қосқан үлесі мен көп жылдық еңбегі үшін риясыз ризашылығын білдірді.

"Сіз сұрапыл соғыс сынағынан өттіңіз,ал соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның әрі қарай өркендеуі,әл-ауқаты артуы үшін қызмет еттіңіздер. Ата-бабаларымыздың сол кезеңдегі ерлігі еш ұмытылмайды",– деді Мұстафин.

Ардагер құттықтауларды шексіз ризашылықпен қабылдап,соғыстың ауыр жылдарындағы естеліктерінен сыр шертіп,қазақстандықтарға ашық аспан мен амандық тіледі.

Иван Матвеевич Бегунов 1925 жылы 15 сәуірде Житомир қаласында (Украина) дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап оның тәрбиесімен өкіл шешесі айналысқан. Кейін он алты жасар Иван жұмыс істемек болып Батыс Қазақстанға көшіп барған.

Соғыс басталысымен жас жігіт Ақтөбе облысынан Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан,пулеметші болған. Еуропаны азат етуге қатысты. Жеңісті ол 1945 жылы мамырда Прагада қарсы алды.

Шайқаста көрсеткен батылдығы мен төзімділігі үшін сарбаз Қызыл Ту орденімен,"Ерлігі үшін" медалімен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Соғыстан кейін Иван Бегунов Қызылордадағы "Қазқұрылысмонтаж" кәсіпорындарында,кейінірек Алматыдағы "Қазэлектромонтажда" прораб болып жұмыс істеген.

Бүгінде ардагер қызы Иринамен бірге тұрады. Оның бес немересі,он бір шөбересі және бір неменесі бар. Майдангердің рухы әлі мықты,қимылы ширақ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap