бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев “Яндекс Global“ басшысы Даниил Шулейконы қабылдады

2025-04-18     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда,компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға,шағын және орта бизнесті қолдауға,азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Бұдан бөлек,мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды. Президент жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың,сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

Өз кезегінде Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі "Яндекс. Такси" серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді. 2024 жылы компания елімізге 29,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеген,ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция құйған. Сонымен қатар "Яндекс Global" басшысы Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндап,AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap