бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газдан уланып көз жұмды

2025-04-21     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы ауылда үйде газдан уланған үш бірдей қыз бала – 3,5 және 7 жастағы әпкелі-сіңлілер қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жазылғандай,қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Сарымолдаев ауылында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша,таңертең анасы балаларын үйде қалдырып,шаруаларымен кеткен. Үйге қайтып келгенде газдың өткір иісін сезген. Қыздар ес-түссіз жатқан. Анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен,өкінішке қарай,оларды аман алып қалу мүмкін болмады – балалар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды",– делінген Instagram желісінде тараған хабарламада.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі нің ресми сауалына жауап беріп,бұл қайғылы жайтты растады.

"Меркі ауданындағы тұрғын үйде табиғи газдан улану салдарынан үш баланың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,қажетті сараптамалар тағайындалды,тергеу амалдары жүргізілуде",– деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өткен жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әкімдіктердің үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары жеткіліксіз екенін сынға алған болатын. Сол кезде Үкімет отырысында ол газ-техникалық инспекцияны жұмылдырып,әлеуметтік осал топтардың үйлерін есепке алып,барлық үйге тегін иіс газын анықтайтын құрылғы орнатуды тапсырған еді.

Бір ай бұрын осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында болған еді. Жеке үйде бір отбасы – жеті адам газдан уланып көз жұмды,оның бесеуі – балалар.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap