ПОДЕЛИТЬСЯ
WhatsApp мессенджерінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Осыған байланысты әкімдік үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен,сондай-ақ,басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп,қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер",- деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтарға маңызды кеңес берді:
мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер;
күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар;
жеке деректеріңізді таратпаңыздар.
"Сақ болыңыздар,тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар,құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар",- деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!