ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенбі,19 сәуір күні Қазақстан қалаларында ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын,қар,көктайғақ және қатты жел күтіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазГидрометке сілтеме жасап.
Астана – ауыспалы бұлтты,кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр,қар). Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып,жылдамдығы 7-12 м/с. Температура: түнде -3…-5°C,күндіз +4…+6°C.
Алматы – ауыспалы бұлтты,түнде аздаған жаңбыр. Жел – солтүстік-шығыстан 3-8 м/с,түнде екпіні 13 м/с дейін. Температура: түнде +5…+7°C,күндіз +13…+15°C.
Шымкент – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура: түнде +6…+8°C,күндіз +18…+20°C.
Ақтөбе – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады,4-9 м/с,күндіз екпіні 12 м/с дейін. Температура: түнде +7…+9°C,күндіз +21…+23°C.
Ақтау – аз бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып,5-10 м/с. Температура: түнде +9…+11°C,күндіз +21…+23°C.
Атырау – аз бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – батыстан,оңтүстік-батыстан: түнде 2-7 м/с,күндіз 5-10 м/с. Температура: түнде +11…+13°C,күндіз +25…+27°C.
Жезқазған – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан,солтүстіктен 7-12 м/с. Температура: түнде +2…+4°C,күндіз +15…+17°C.
Қарағанды – ауыспалы бұлтты,солтүстіктен 8-13 м/с. Температура: түнде -3…-5°C,күндіз +4…+6°C.
Көкшетау – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Температура: түнде -4…-6°C,күндіз +6…+8°C.
Қонаев – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан 9-14 м/с,екпіні 15-20 м/с дейін. Температура: түнде +3…+5°C,күндіз +13…+15°C.
Қостанай – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде 0…-2°C,күндіз +16…+18°C.
Қызылорда – аз бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде +8…+10°C,күндіз +24…+26°C.
Павлодар – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -3…-5°C,күндіз +2…+4°C.
Петропавл – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан: түнде 9-14 м/с,күндіз 15-20 м/с. Температура: түнде -6…-8°C,күндіз +6…+8°C.
Семей – ауыспалы бұлтты,түнде және таңертең қар,көктайғақ. Жел – солтүстік-батыстан 7-12 м/с,таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с дейін. Температура: түнде -3…-5°C,күндіз +4…+6°C.
Талдықорған – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура: түнде -1…-3°C (үсіктер),күндіз +12…+14°C.
Тараз – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде +4…+6°C,күндіз +15…+17°C.
Түркістан – ауыспалы бұлтты,күндіз +20…+22°C.
Орал – ауыспалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады,9-14 м/с. Температура: түнде +7…+9°C,күндіз +22…+24°C.
Өскемен – ауыспалы бұлтты,көктайғақ. Жел – солтүстік-батыстан 5-10 м/с,таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с дейін. Температура: түнде -2…-4°C,күндіз +4…+6°C.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатыны туралы болжам жасаған еді. Болжамға сәйкес,солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып,ол қарға ұласуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!