ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы 53 жасында өмірден өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полковник Құсайыновтың қаза тапқаны туралы ақпаратты өңірдің Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше,Бекжан Құсайынов еңбек демалысында болған кезінде өз көлігімен жол апатына түскен. Оқиға Қарқаралы маңында болған. Ол тізгінге ие бола алмай бұрылыста жолдың жетіне шығып кеткен болуы мүмкін.
"Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы,Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Бекжан Төлеуұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады",- делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше,Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге,қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнаған. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы,Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастаған.
Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп,кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек еткен.
"Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен,өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен,принцпшілдігімен,адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді.
Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал,антына берік,шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды".