бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда субсидияға қатысты алаяқтықтан миллиондаған қаржыны жымқырғандар сотталды

2025-04-23     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.

"DIAS" шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып,субсидия алу мақсатында ірі қара мал,сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған. Алайда,іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған. Тиісінше,сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған",- делінген хабарламада.

Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап,нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.

"Сот үкімі бойынша,олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық),218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып,5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ,сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap