бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Президентке Астана қалай өзгеретіні көрсетілді

2025-04-23     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде,Президент саябағында,Үкімет үйінің айналасында,Есіл өзенінің жағалауында,"Мыңжылдық" аллеясында,Триатлон паркінде,Greenline бульварында,Желілік саябақта,вокзал маңы мен Иллюзия паркінде,Сығанақ,Ш.Қалдаяқов,Гете,Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда "Қазақстан" спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып,оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap