бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Әр азаматтың қастерлі парызы“. Тоқаев жастарға үндеу жасады

2025-04-23     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін де ерекше атап өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша,волонтер болу,ең алдымен,нағыз отаншыл азамат болу,яғни,патриот болу деген сөз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанына тоқталды. Президент "Таза Қазақстан" аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын,миллиондаған тонна қоқыс жиналып,көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте "Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні" акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

"Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп,орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау,ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені,саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі",– деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау,тазалық мәдениетін әрбір азаматтың,әсіресе,жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

"Мысалы,қоқысты сұрыптау,су мен жарықты үнемдеу,қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны "Таза Қазақстан" кампаниясының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға,қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап,оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді. Мен жаңа ғана көрмені араладым. Онда экологияға мән берген кәсіпорындарымыздың жұмыстары қойылған. Оларға ризашылығымды білдіремін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Тұтас елдің сана-сезімі өзгере бастады. Жастарымыз мұны терең түсінеді",– деді Президент.

Мемлекет басшысы жастар ұсынған жобалармен танысқанын жеткізіп,әр бастамадан туған елге,табиғатқа деген қамқорлық байқалатынына назар аударды.

Дана Есенғали мен Камила Қышқашбаеваның жобаларына тоқталып,бұдан қазақ жастарының жасампаз болмысы көрінетінін,ел мен жерге шынайы жанашырлығы білінетінін мәлім етті. Сонымен қатар Қазақстанның болашағы осындай санасы сергек,ойы ұшқыр жастардың қолында екенін баса айтты.

"Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап,көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі,өскелең ұрпақ үшін,сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын,жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін,зор үміт артамын! Отаншыл,білімпаз,еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті,Таза,Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap