бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Үш жыл бойы қайда болдыңыздар?“ - депутат министрге шүйлікті

2025-04-23     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әділет министрлігінен прокуратураның мәліметі бойынша ұрлық пен алаяқтық әрекеттер жасаған жекеменшік сот орындаушыларының (ЖСО) неге әлі күнге дейін жұмыс істеп жүргенін түсіндіруді талап етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа осындай сұрақпен жүгінді. Депутаттың айтуынша,2022 жылғы прокуратураның ұсынысына қарамастан,заң бұзған ЖСО-лар әлі де қызметін жалғастырып жүр.

"2025 жыл таяп қалды – үш жыл өтті,ал ЖСО-лар,яғни ұрлық пен алаяқтық жасағандар,бостандықта жүр,әрі солай қала береді дегілеріңіз келе ме?" – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген әділет министрі Ерлан Сәрсембаев "бұл мәселеге соңғы нүктені тек сот қоя алады" деп жауап берді. Алайда,бұл жауап Базарбекті қанағаттандырмады.

"Үш жыл бойы қайда болдыңыздар? Министрлікке тез арада орындау қажет деген ұсыныс жасалған еді",– деді ол.

Министр бұл мәселеге қатысты былай деп түсіндірді: "Әділет органдары лицензиядан айыру мәселесін өз бетінше шешпейді".

"Олар (әділет органдары – еск.) ұсыныс енгізеді. Мен әр ЖСО-ға жеке-жеке қарап шығуға дайынмын: егер әділет органдары тарапынан ұсыныс енгізілмеген болса,ол үшін жауапты тұлғалар жазаланады. Ал егер олар ұсынысты енгізіп,бірақ сотта ЖСО тарапынан заңбұзушылықты дәлелдей алмаса,сот шешімі орындалуға міндетті болатынын білесіздер деп ойлаймын",– деді Сәрсембаев.

Айта кетейік,былтыр Алматыда 51 жекеменшік сот орындаушысы жазаланған болатын. Бұған олардың 1000-нан астам борышкерге қатысты шара қабылдамағаны себеп болды.

Бұған дейін Әділет министрлігі 2023 жылы сот орындаушылары мен нотариустардың әрекетіне қатысты 40 мың шағым түскенін хабарлаған. Азаматтар өз өтініштерінде нотариустардың атқарушылық жазбалар ресімдегенінен бейхабар болғандарын,тек мүліктерге тыйым салынған соң немесе басқа шектеулер енгізілгеннен кейін ғана білгендерін айтқан.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap