ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 22,23 және 24 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны жөнінде болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жаңбыр,найзағай,түнде солтүстікте,шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып,кейін қарға ұласатын жауын-шашын болжанып отыр.
"Тек Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі,оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл,түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі",– деді синоптиктер.
Синоптиктердің болжамынша,түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін:
22 және 24 сәуір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3°С дейін;
22 сәуір – Қарағанды облысында -1°С дейін;
22–23 сәуір – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1°С-тан -8°С-қа дейін;
24 сәуір – Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3°С дейін суытады.