бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда заңсыз несие бергендердің схемасы әшкере болды

2025-04-24     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен "OLX" пен "Instagram" мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.

Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100 пайызға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген. Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астам қаражатты қарызға берген",- делінген хабарламада.

Айта кету керек,оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз,ауыр шарттарының құрбанына айналған.

"Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп,олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап,табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен. Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп,шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған",- делінген хабарламада.

Нәтижесінде,күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 миллион теңгеден астам кірісті заңдастырған.

Соттың санкциясы бойынша,тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 миллион теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap