бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Денсаумин дәрігерлерді даярлаудың жаңа ережелерін енгізбек: не өзгереді?

2025-04-24     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі резидентураны ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлуді қарастырмақ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше,дәрігерлерді даярлау жүйесіне енгізілген өзгерістер балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

"Енді резидентура бірқатар аса қажет мамандықтар бойынша ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлінеді. Бұл шешім балалар мамандарының тапшылығын азайту қажеттілігімен байланысты. Жаңа өзгеріс балалардағы ауруларды диагностикалау,емдеу және алдын алуға заманауи білім мен клиникалық тәжірибеге сүйене отырып,неғұрлым кешенді әрі нақты тәсілді қамтамасыз етеді",– деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша,резидентураны бөлуге басты себеп – ересектер мен балалардың анатомиясы,физиологиясы,аурудың клиникалық көріністері,сондай-ақ диагностикалау және емдеу әдістеріндегі айырмашылықтар.

"Жаңартылған даярлау жүйесі аясында резидент-дәрігерлер 27 жаңа балалар бағыты бойынша оқи алады. Олардың қатарында – балалар кардиологиясы,аллергология және иммунология,гастроэнтерология,балалардың жақ-бет хирургиясы,жасөспірімдер дерматовенерологиясы,балалардың пластикалық хирургиясы,андрология және урология және басқалар бар",– деп толықтырды ведомство.

Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша әскери дәрігерлерге арналған бағыттар тізіміне "әскери терапия" және "әскери хирургия" сияқты мамандықтар енгізілді. Бұл армияда қызмет ететін білікті медициналық кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap