ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада терроризмді насихаттаған қазақстандық сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорда тұрғыны Telegram мессенджерін терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияны тарату үшін пайдаланған,сондай-ақ,Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні Алматы әуежайы аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған кезінде ұстаған.
"Басты сот талқылауында сотталушы Telegram чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны,кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлел ұсынып,күдіктінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып,терроризмді насихаттау және террористік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді",- деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру,оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу мүлкін тәркілеп,17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын,ал терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру мүлкін тәркілеп,12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!