бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Түркиядағы жер сілкінісі: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

2025-04-27     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп,қолдау сөзін жолдады.

"Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып,біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп,барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз",– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Еске салайық,Ыстамбұлда 23 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 12:49-да жойқын жер сілкінісі болды. Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметінше,жерасты дүмпулері Ыстамбұл,Текирдаг,Ялова,Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap