бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген

2025-04-27     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының аудан орталықтарының бірінде мемлекеттік мекеме басшысы жетім балаға арналған пәтерде екі жыл тұрған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының прокуратурасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес,аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы екенін еске салды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

"33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған,8 бала уақытында кезекке қойылмаған,ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы,аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған",- делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып,балаға берілген. Қазіргі уақытта басқа балалардың құқықтарын қорғау шаралары қабылданып жатқаны айтылды. Жұмыс жалғасып жатыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap