бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанада Абылай хан даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады

2025-04-27     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 сәуір мен 6 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады,бірақ А.Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады. Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады,ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады",- деп жазылған хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз",- деп жазылған хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap