бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді

2025-04-27     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа және қолданыстағы Салық кодексінің жобасына екінші түзетулер пакетін енгізді.

Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлердің табыс деңгейіне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу. Төмен табыс табатын азаматтар жоғары жалақы алатындарға қарағанда төмен мөлшерлеме бойынша салық төлейді.

Сондай-ақ,азаматтардың медицина,білім беру,әлеуметтік аударымдар сияқты шығындары бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылып отыр. Қазіргі 14 АЕК орнына 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Сонымен қатар,қосымша шегерімдер алып тасталады,бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп,жеке тұлғаларға салық органдарына артық құжат тапсыру қажеттілігін жояды.

"Экспорттық-кредиттік агенттікке салық салу тәртібін белгілеу және банк қызметі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін нақтылау ұсынылады,бұл осы саладағы белгісіздікті жояды. Сондай-ақ,мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салу жоспарланып отыр. Бұл - мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі. Халықаралық тәжірибеге сәйкес энергетикалық сусындарға акциздер белгіленеді",- деп жазылған хабарламада.

Экономика министрлігі мәліметінше,мұнай саласындағы салық жүйесін реформалау аясында "салық маневрін" жүргізу көзделіп отыр,экспорттық төлемдерге,соның ішінде ренталық салыққа түсетін жүктемені мұнай өндіру кезеңінде төленетін салыққа ауыстыру ұсынылады. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп,бюджеттің кірісін тұрақтандыруға мүмкіндік бермек.

"Салық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған бөлек түзетулер блогы ұсынылған. Ол салық органдарының бақылау функцияларын қайта қарауды және салық міндеттемелерін жинау мен мониторингтеу тетіктерін нақтылауды көздейді. Сонымен қатар,екінші пакет аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,инвестициялық саясат,әлеуметтік төлемдер тәртібі секілді бірқатар ілеспе заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы,сондай-ақ,арнайы салық режимдерін қолданудағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл – елдегі салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі",- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік,Үкімет жаңа Салық кодексі жобасы мен оған ілеспе заңдарға 71 түзету,ал қолданыстағы Салық кодексіне 67 түзету ұсынған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap