ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам Бостандық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін,бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ,алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс,ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.