бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда мотоцикл жүргізуші жұмысшыларды қағып кеткен: аман қалған әйелдің жағдайы айтылды

2025-04-27     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мотоцикл жүргізушісі қағып кеткен үш жол қызметкерінің бірі - зардап шеккен әйел ауруханадан шығарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше,жол апатынан кейін әйел өте ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап,науқастың өмірін аман алып қалған.

Қазір оның жағдайы жақсарып,үйіне шығарылды.

Үш жұмысшыны қаққан мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға жеткізіліп,күзет қойылған. Алматы Полиция департаменті мәліметінше,қазіргі уақытта ол да ауруханадан шыққан.

"Күдікті қамауға алынып,тергеу изоляторына орналастырылды",– деп хабарлады ведомство.

Еске салайық,9 сәуірге қараған түні Алматыда екі жол жұмысшысы қаза тапқан қайғылы жол апаты болды. Жол апаты түнгі сағат 01:30 шамасында Алатау ауданында болған. Жол апаты орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып,бір бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Қозғалысын жалғастырған мотоцикл жүргізушісі жол бойында тұрған үш жол жұмысшысын,екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен",– деп хабарлады полиция.

Екі ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды,әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap