ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкері Әлия Қожабекованың бейнеүндеуіне жауап қатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері,сондай-ақ,комитет төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді",- деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік,бұған дейін Әлия Қожабекова өзі жұмыс істейтін департаменттегі соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің дерекқорынан мәліметтер алып тасталуына байланысты Жамбыл облысы бойынша криминогендік жағдайдың нақты статистикасы бұрмаланғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар,ол "кінәлі адамдар ешқандай жауапкершілікке тартылмағанын" айтты. Оның сөзінше,басшылық оған мұндай әрекеттерге қарсы сөйлегені үшін қысым көрсетіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!