бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Шымкентте бес вагонды сүйреген алып күш иесі рекорд орнатты

2025-05-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан жылжытып,сүйреді. Досалиев 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны көрермендер мен Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бақылады. Нәтиже ресми түрде тіркелгеннен кейін,Артық Досалиев бұл жетістікке ұзақ дайындалғанын және психологиялық тұрғыда да көп еңбектенгенін мойындады.

Артық Досалиев пауэрлифтингтен спорт шебері,бес дүркін әлем чемпионы,екі мәрте Еуропа чемпионы,Азияның сегіз дүркін жеңімпазы. Өзінің бұл жетістігін спортшы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнады.

"Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатып,батыр ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсетуді жөн санадым. Бүгінгі рекордымды соларға арнаймын. Келесі жылы,Жеңіс күніне орай,6,7,10,тіпті 20 вагон тартуға ниеттімін",– деді Артық Досалиев.

"Рекордтың "таза" болуы үшін алдын ала жолды тексердік. Ол қатаң түрде горизонталь болуын қамтамасыз еттік. Кейін Артық Досалиев сүйреген қашықтықты өлшедік. Мұнда болған барлық адам – куәгер. Қазақстанда бұған дейін мұндай рекорд тіркелген емес",– деп мәлімдеді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бахытжан Тастүлеков.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap