ПОДЕЛИТЬСЯ
4 мамыр күні сағат 11:45-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүмпу ошағы Алматыдан солтүстік-шығыс бағытта 447 шақырым жерде,Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
"Эпицентрдің координаттары: 41,670° солтүстік ендік,82,310° шығыс бойлық. Қазақстан аумағында сілкініс сезілмеген",– делінген министрлік таратқан мәліметте.
Айта кетейік,бұған дейін,1 мамырда Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде,яғни Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген еді. Сонымен қатар Қырғызстанның Қазақстанмен шекаралас аумағында да жерасты дүмпуі байқалған болатын.