бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандық әскери қызметшілер Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті

2025-05-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голан жоталарында бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер Сирияда Сұлтан Бейбарыстың рухына тағзым етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ сілтеме жасап.

Бітімгерлер ұлы қолбасшының кесенесіне барып,тарихи мұраны сақтау мақсатында кесене аумағын ретке келтірді.

Сұлтан Бейбарыс – Египет пен Сирияны басқарған мәмлүк сұлтаны,ол тақта 17 жыл (1223–1277) отырған. Ол Египетті қуатты державаға айналдыру үшін көп еңбек сіңірді. Палестина мен Сирияда Иранның моңғол ильхандары мен еуропалық крестоносшыларға қарсы соғыстарда жеңіске жеткен қолбасшы ретінде танымал.

Тарихшылардың кең тараған нұсқасына сәйкес,Бейбарыс – түркі тектес,қазіргі Қазақстан аумағында,Жайық пен Еділ өзендерінің арасында дүниеге келген. Кейбір зерттеушілер оны қыпшақтың бурджоғлы руынан шыққан деп санайды (бұл рудың мүмкін болатын мұрагері ретінде қазақтың беріш руы аталады).

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap