ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннің атынан ұйымдастырылған қабылдау қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
“Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Жеңістің 80 жылдығының біздің елдеріміз үшін тарихи маңызын бірнеше мәрте атап өткенболатын. Бұл – бәріміз үшін қастерлі,тарихының тамыры тереңде жатқан айтулы күн. Себебі осынау сұрапыл жылдары әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат – Ұлы Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті. Соғыстың салқын лебі шынымен әр қазақстандық шаңыраққа әсер етті. Сондықтан жеңімпаздардың – соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің осындай ержүрек буыны жөніндегі естелік Қазақстандағы әр үйде бүгінге дейін сезіледі”,– деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері қазақстандықтардың нацизмді жеңудегі елеулі үлесін еске салды. Сол уақытта елімізде тұратын әрбір төртінші тұрғын майданға аттанды. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры атанса,жүзден астамы – Даңқ орденінің толық иегері болды. Олардың төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
“Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында: “Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа,әсіресе,саясаткерлерге ксенофобияға,нәсілдік және ұлттық үстемдікке,халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр” деп ерекше атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтау қажеттілігін үнемі атап көрсетіп келеді”,– деді Ерлан Қошанов.
Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қазақстан депутаттары осы аталғандарды басшылыққа алып,берік достық пен ынтымақтастық орнату үшін парламенттік дипломатияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып отырғанын ерекше атап өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің бастамасымен даңқты ерліктері үшін “Айбын” орденінің үш дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетов,Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері берілгенін айтты. Ал 604-ші әуе базасы Қазақстанның әуе қорғаныс күштері екі мәрте Кеңес Одағының Батыры,аты аңызға айналған ұшқыш Сергей Луганскийдің есімімен атала бастады.
Суреттер: Мәжілістің баспасөз қызметі/Ж. Жұмабеков
Іс-шараға дипломатиялық корпус,Қазақстанның мемлекеттік органдары мен Қарулы Күштерінің өкілдері,сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.