ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана,Абай,Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше,терроризмді насихаттап,діни алауыздықты қоздырды,оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды,олардың біреуі бұрын соттылы болған.
"Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды",- делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
"Бұдан бөлек,ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе,Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан",- делінген хабарламада.