бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қаратаудың қызғалдақтары – жаһандық мұра: Жамбылда геопарк ашылады

2025-05-06     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында табиғаттың қайталанбас байлығы – қызғалдақтарға арналған ерекше геопарк пайда болмақ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Бұл бастама Қаратау етегінде ұйымдастырылған "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі аясында таныстырылды. Мақсат – қызғалдақтың сирек кездесетін түрлерін сақтап,өңірдің табиғи,мәдени құндылығын әлемге паш ету.

Фестивальге Германия,Қытай,Үндістан,Нидерланд,Ресей,Украина,Қырғызстан,Түркия сынды елдерден келген ғалымдар мен экологтар,табиғат жанашырлары,ЮНЕСКО және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстан Парламентінің депутаттары мен министрлік өкілдері де бұл маңызды шараның бір бөлшегіне айналды.

Қонақтар ұлттық спорт түрлерін тамашалап,қолөнер көрмесін аралап,қызғалдақтан шабыт алған заманауи сән көрсетіліміне куә болды. Фестивальдің басты жаңалығы – қызғалдақ бейнесімен тоқылған,аумағы 200 шаршы метр болатын киіз кілем болды. Бұл ерекше туынды Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

"Жамбыл облысының қызғалдақтары – Қазақстан мен Нидерланды арасындағы мәдени көпір. Мұндай шаралар елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетеді",– деді Нидерланд Корольдігінің ауыл шаруашылығы кеңесшісі Ари Велдхаузен.

Бүгінде Жамбыл өңірінде қызғалдақтың 18 түрі өседі,оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Осы бай мұраны сақтау мақсатында Грейг,Кауфман және Регель қызғалдақтарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар,Кіші Қаратауда геопарк құру жоспары талқыланды. Бұл жоба тек экожүйені қорғап қана қоймай,аймақты экотуризм орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

"Қызғалдақ мұра" фестивалі гала-концертпен аяқталып,көрермендерге жарқын әсер қалдырды. Жамбыл облысы көктем сайын алқызыл кілемге оранып,отандық және шетелдік туристер үшін нағыз табиғи көрме алаңына айналады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap