ПОДЕЛИТЬСЯ
То Лам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп,Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгтың ыстық ықыласын жеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Вьетнам мен Қазақстанның ортасында ондаған жылдар бойына тығыз қарым-қатынас орнаған. 1959 жылдың тамыз айында біздің Президентіміз Хо Ши Мин Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Бұл сапар қос халық арасында дәстүрлі достық пен ұзақмерзімді серіктестіктің берік негізін қалады. Содан бері екі елдің байланысы көшбасшылар мен азаматтардың күш-жігері арқасында ұдайы дамып келеді. Қазақстан ертеректе еліміздегі ұлт-азаттық күреске көмек көрсетті,қазіргі кезде де бізді жан-жақты қолдап келеді. Сол үшін Вьетнам халқы мен партиясы сіздерге дән риза",– деді Вьетнам Компартиясы ОК Бас хатшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Вьетнам мәдениетінің күндерін өткізудің маңызына тоқталып,оның мәдени диалог пен халықтар бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Президент мәртебелі мейманға Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери парад өтетінін айта келіп,Қазақстан мен Вьетнамның әскери-техникалық серіктестігін нығайтуға отандасымыз,генерал-лейтенант Жансен Кереевтің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Жансен Кереев 1982 жылы Вьетнам халық армиясы штабының аға кеңесшісі ретінде іссапарға жіберілген. Ол Вьетнам Қарулы күштерін бірге құрысып,елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға атсалысты. Хо Ши Миннің шешімімен Жансен Кереев Вьетнамның ең жоғары әскери наградасы – Қызыл ту орденімен марапатталды.
Кездесу соңында Президент Бас хатшы То Ламның елімізге сапары қазақ-вьетнам достық байланыстары тарихындағы жаңа кезеңге жол ашатынына сенім білдірді.