ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология,инновация және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет,спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет,спорт және туризм министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Әділет министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Sovico Group арасында Qazaq Air АҚ акцияларын сатып алу мәмілесін аяқтауды растау туралы акт;
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен Petrovietnam Exploration Production компаниясы арасында геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадио кешені мен Вьетнамның ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;