ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру өтеді. Осыған байланысты,7 мамырда бірқатар көшеге уақытша шектеулер енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
7 мамыр,таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Қошқарбаев даңғылының Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы,Қуанышбаев көшесінің Байтұрсынұлы көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ,Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы,автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін жабылады.
Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты шеруден кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.
Қосымша,сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады,сондай-ақ Ақыртас,Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.
Сонымен қатар,сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін "Astana Music Hall" автотұрағының (Құмыра) аумағында Момышұлы даңғылы,1 бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.
Күн әскерилердің оралуымен аяқталады:сағат 12: 30 – дан 14: 00-ге дейін,техника мен автобустар Панфилов көшесі - Нұрмағанбетов көшесі - Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.
Сонымен қатар,жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі.