бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

EGov-та жаңа функция пайда болды

2025-05-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта қабылдану үшін онлайн түрде өтінім бере алады.

"Қызмет тегін ұсынылады және кем дегенде бір семестр оқуын аяқтаған азаматтар үшін қолжетімді",– делінген хабарламада.

Бұған дейін мұндай қалпына келу рәсімі қолжетімсіз болған және оқу орнына барып,өтінішті жеке тапсыруды талап еткен.

Сондай-ақ жеке куәлік,транскрипт,қызмет орнының мінездемесі,фотосуреттер,әскери билет көшірмесі және басқа да құжаттардан тұратын құжаттар пакетін жинау қажет болған.

"Өтінімді оқудан шығарылған күннен бастап бір жылдың ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе,оқу орнына қайта қабылдану мүмкін емес",– делінген хабарламада.

Әскери оқу орнына қайта қабылдану үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

eGov.kz порталына кіріп,авторизациядан өтіп,"Азаматтарға" – "Әскери есеп және қауіпсіздік" – "Әскери қызмет" бөліміне өтіңіз;

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру" қызметін таңдап,"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;

оқу орнын таңдап,оқудан шығарылғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетіп,жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз;

тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетіп,қажетті құжаттарды тіркеңіз;

өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз;

кейін "Көрсетілген қызметтер тарихы" бөлімінен нәтижені жеке кабинетіңізден тексере аласыз.

Берілген ақпаратқа сәйкес,өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap