бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мальдив аралдарында акула туристке шабуыл жасады

2025-05-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мальдив аралдарында демалып жүрген турист қыз акуланың шабуылына тап болды. Бұл оқиға танымал курорттардың бірінде снорклинг (трубкамен жүзу) экскурсиясы кезінде болған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен қыз өз басынан өткен жағдайды желіде жариялаған видеосында баяндап берді. Видеоны мыңдаған адам көріп,қызу талқылап жатыр.

"Мальдивте акула тістеп алды. Бірден қауіп барын түсіндім – үлкен құйрықты скаттар жүзіп келді,ал акулалар алғашқыға қарағанда үш есе көбейді",– дейді ол.

Оның айтуынша,су тереңдігі бар болғаны 2,5–3 метр болған,ал айнала толған жыртқыштардан ешқайда қашып құтылу мүмкін болмаған. Суасты видеосын түсіріп жүрген сәтте бір акула оның бағытына кенет бұрыла кеткен.

"Судың бетімен жүзіп келе жаттым,камераны өзімнен сыртқа бұрған сәтте – акула маған қарай шап берді. Сол қолыммен оның тұмсығын итеріп үлгердім. Сол сәтте камера қолымнан түсіп кетті",– деп есіне алды турист.

Оқиға кезінде ол ең алдымен камерасы мен жанына еріп барған құрбысын уайымдағанын жеткізді.

"Құрбым қатты шошыды. Беті бозарып кетті,оны 10 минуттай тыныштандырды",– деді ол.

Өзі ауырсынуды кейінірек,адреналин басылған соң ғана сезген. Видеода шабуылдың нақты сәті түсіп қалғанын айтты.

"Бастапқыда 3–5 акула болса,кейін саны 15-ке дейін көбейді,онымен қоса екі скат келді",– деді ол.

Әлеуметтік желіде қолданушылар екіге бөлінді: бір тобы қызға жанашырлық танытып,батылдығына тәнті болса,енді бірі қауіп-қатерге саналы түрде барғанын сынға алды.

"Неге ол жақта жүзді? Осындай жағдай болуы мүмкін екенін ойлау қиын емес",– деп жазды бірі. Ал басқалары "жарақаттың ауыр болмағаны жақсы",– деп пікір білдірді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap