бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері іздестіріліп жатыр

2025-05-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицейлер мен еріктілер жоғалған алты жасар баланы іздеп жатыр. Бала 30 сәуірде үйден шығып кеткен,әлі күнге дейін қайда екені белгісіз,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше,алты жасар бала жоғалғаны туралы арыз Қорғалжын ауданының полиция бөліміне 30 сәуірде түскен. Баланың анасы оның үйден сағат 19.00 шамасында шыққанын,содан оралмағанын айтқан.

"Алдын ала ақпаратқа сәйкес жоғалып кеткен күні баланы Нұра өзені маңында байқаған,осыдан кейін оның қайда екені белгісіз",- деді полиция.

Баланы іздеуге полицейлер,құтқарушылар,еріктілер және бей-жай қарамайтын жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

Баланың дене бітімі: арықтау келген,қара шашты,қоңыр көзді. Жоғалған күні ол қызғылт сары жемпір,қара шалбар және қоңыр кроссовка киген.

"Жандәулеттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 нөмірі бойынша дереу хабарлауды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз",- деді Ақмола облысы ПД өкілдері.

Баланы іздеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap