ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында куәгерлерден жауап алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот отырысында Талғар тұрғыны Сәкен Әкежановтан жауап алды,оның үйі "Қамажай" дүкеніне қарама-қарсы орналасқан. Куәгердің айтуынша,ол айыпталушылармен де,марқұм Шерзатпен де жеке таныс болмаған,бірақ оларды бұрын дүкеннен көрген. Қайғылы оқиға кезінде ер адам үйінде болған,кейін оғаш дыбыстар естіген.
"Оқ атылды деп ойламадым,мотацикл деп ойладым. Кейін әйелдің "жедел жәрдем шақырыңдар" деген даусын естідім",- деді Әкежанов.
Оның айтуынша,далаға қарағанда,он шақты адамды байқаған. Куәгердің сөзінше,олардың бірі екіншісін ұрып жатқан. Ол: "Жігіттер,тоқтаңдар,өлтіресіңдер ғой" деп айғайлаған.
Одан бөлек сотта Арлан Құсайынов пен ағайынды Данияр Жанболатұлы және Дарын Жанболатұлы да оқиға туралы айтып берді. Олардың сөзінше,сол түні кездейсоқ жағдайда оқиға орнына жақын маңда болған,оқиға қатысушыларымен таныс емес.
Данияр әкімдік маңында достарымен бірге болғанын айтты. Бір кезде анасы қоңырау шалып,төбелес болып жатқанын айтып,үйге қайтуын сұраған. ОЛ достарымен бірге Шота Руставели көшесіне қарай барған.
"Олар Шерзаттың достары болған сияқты. Біреуінің басы қан болды. Қалғандары да уайымдап,қорқып тұрды. Біз не болғанын түсінбедік,әдеттегі төбелес деп ойладық",- деді Данияр.
Ол тасжолдан оқ пен қан іздерін байқаған. Оның бауыры Дарын да мұны растап,жерде жатқан екі патрон мен кілттерді көргенін айтты.
Олардың сөзінше,бір әйел келіп,ұлы қайтыс болғанын айтқан. Кейінірек бұл Шерзат Болаттың анасы екені белгілі болған. Әйел дүкендегі бейнебақылау камерасынан видеоны қарау үшін ноутбуктың қуаттағышын сұраған.
Сотта куәгер Наргиз Низаметдинова да жауап берді. Қайғылы оқиға кезінде ол үйінде болған. Ол басқа куәгерлердің айғақтарын растады.
Наргиздің сөзінше,айғайдан оянған. Алдымен ол "Балам,балам!" деп айғайлаған әйелдің даусын естіген.
"Дүкеннің маңында бір жігіт тұрып,"Ат!" деп айғайлады. ...Анасы айғайлап,ұлын қорғауға тырысты",- деді куәгер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!