бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ресейде қашып жүрген қылмыскер ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

2025-05-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған ер адам Ресейден экстрадицияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Ол 2023 жылы Риддерде алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен жанжал негізінде өзінде болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққылар жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды",- делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша,ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып,алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай,қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

"Былтыр қыркүйекте іздестірудегі адам Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып,кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды".

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек болады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap