бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Самұрық-Энергодан“ 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды

2025-05-13     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше,кейінгі 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған.

"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 миллиард теңге болды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 миллиард теңге,Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 миллиард теңге",- деп жазылған хабарламада.

Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 миллион теңге болған. Одан бөлек:

бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 миллиард теңге,

қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 миллиард теңге болған.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap