бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Шерзат Болат ісі: сот үндеу жасады

2025-05-15     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Ержан Жанұзақовтың сөзінше,процесті талқылауға,тергеу мен соттың жұмысына баға беруге жол берілмейді. Бұл сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін.

"Әлеуметтік желілерде блогерлер мен сот процесіне ешқандай қатысы жоқ басқа азаматтар жеке пікір білдіріп,тергеу әрекеттері мен сот процесінің барысына субъективті баға беріп жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын еске саламыз. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады",- деді судья.

Ол сот процесі аяқталғанға дейін,үкім шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін сот процесіне пікір білдіру,құқықтық баға беру заңсыз екенін мәлімдедіі.

"Сот істің барлық мән-жайын жан-жақты,толық тексеруге,айыптаушы тараптың да,қорғаушы тараптың да дәлелдерін тексеруге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті болуы керек,процестің нәтижесіне жеке қызығушылығы болмауы керек және үшінші тұлғалардың ықпалына түспеуі керек. Сот бейтарап төреші ретінде әрекет етеді және тек заң негізінде шешім қабылдайды",- деді ол.

Қазір процесс сот тергеуі сатысында. Соңғы үкім әлі шығарылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap