бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтауда ер адамның сатушы әйелді соғып жіберген видеосы тарады

2025-05-15     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ер адамның сатушы әйелді ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып,қызу талқыға себеп болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйелдің кассада тұрып,ер адамға бір нәрсе түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте ер адам ашуға булығып,сатушының бетінен жұдырықпен ұрады. Сатушы соққыдан теңселіп қалғаны байқалады. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек,оқиға Ақтаудың 27-ықшамауданындағы дүкенде болған.

Желі қолданушылары тек шабуыл жасаған ер адамның әрекетіне ғана емес,сонымен қатар жанында тұрған ер адамдардың ешқандай әрекет жасамағанына да наразы болды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ер адам сағат он бірден кейін алкоголь сатып алуға тырысқанын түсіндірді. Бұл уақытта спиртті ішімдіктерді сатуға заңмен тыйым салынған. Ведомствоның мәліметінше,күдікті ұсталған.

"Күдікті ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды",– делінген полиция хабарламасында.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap