бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Таразда депутат соққыға жығылған

2025-05-15     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл жайтты растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша оқиға 13 мамырда кешке қаланың кафелерінің бірінде болған. Бұл жағдайдан кейін депутат ауруханаға жеткізілген. Бірақ Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше,ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

"Бұл дерекке қатысты ҚК 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып,полицияға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр",- деді құқық қорғау органдары.

Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратқа сүйенсек,Нұрлан Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен барған. Ол заңгер ретінде клиенттермен кездескен. Қолда бар мәліметтерге сәйкес дәл осы уақытта оған шабуыл жасалған. Болжам бойынша ер адам депутатты кастетпен ұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap