бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

200 мың доллар пара: салық қызметкері делдал болғаны үшін сотталды

2025-05-23     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа,Тараз қаласының тұрғындары Э. Мұрадовқа және Т. Телеуовқа қатысты үкім шығарды.

"Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін,ал Үкімбаев - парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды",- делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша,Мұрадовқа 10 жыл,Телеуовқа - 9 жыл,Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар,Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap