бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шендісі сотталды

2025-06-04     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б.Жолтайға үкім шығарды.

"Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды,бұл мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірді",- деп жазылған хабарламада.

Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып,3,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap