бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Жел және найзағай: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

2025-06-06     HaiPress

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы ауа райы сақталады,жауын-шашын мен бұршақ жаууы мүмкін. 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамы белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы

6 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі,жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады,түнде 1-6 м/с,күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14,күндіз +28…+30 градус.

7 маусымда да құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады,күндіз жаңбыр,найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан,жылдамдығы 9-14 м/с,күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19,күндіз +25…+27 градус.

8 маусым – құбылмалы бұлтты,кей жерлерде жаңбыр,найзағай. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с,кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17,күндіз +23…+25 градус.

Алматыдағы ауа райы

6 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз ауа райын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22,күндіз +32…+34 градус.

7 маусым – құбылмалы бұлтты,күндіз қысқа мерзімді жаңбыр,найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с,күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22,күндіз +30…+32 градус.

8 маусым – құбылмалы бұлтты,қысқа мерзімді жаңбыр,күндіз +28…+30 градус.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap