бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

2025-06-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп,ақшалай сыйақы табысталды.

"Еңбегімді елеп,құрмет көрсетіп жатқаныңыз үшін алғысым шексіз. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес,адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын",– деді Асыл Ахметов.

Айта кетейік,бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып,пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.

Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы "Алма Сити" тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп,өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap