Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 5,6,7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері солтүстік-батыстан циклон ығысып,найзағай ойнап,жаңбыр жауады.
Синоптиктердің айтуынша,елдің батысында,солтүстігінде,шығысында қатты жаңбыр жауады,кейбір өңірлерде бұршақ та жауады.
"Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы 20-28 градус жылы болса,оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді,ал 7 маусымда түстен кейін термометр бағандары 27-35 градусты көрсетеді",- деп жазылған хабарламада.