бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Шерзат ісі бойынша куәгерлердің әрекеті тексеріледі

2025-06-06     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өлімі ісі бойынша сот процесі аяқталды. Үкім шығарылғаннан кейін сот іс бойынша куәгерлерге қатысты жеке қаулыны жария етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың жеке қаулысына сәйкес,прокурорлар істің куәгерлеріне қатысты тексеру жүргізуі қажет.

"Бұдан бөлек,сотпен куәлар Д.А.Жақсыгелді,Э.К.Нурбекова,А.М.Казакенов,Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарылды.

Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдар анықтау қажет",– делінген сот қаулысында.

Еске салайық,бұған дейін сот барлық айыпталушыларға үкім шығарған болатын. Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды. Қалған айыпталушылар 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap