Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет синоптиктері 12,13 және 14 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше,алдағы күндері Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келеді. Елде жазғы ыстық ауа райы орнайды.
Солтүстік аймақтарда ауа температурасы +25 пен +33 градус аралығында болады,ал оңтүстікте сынап бағаны +38 градусқа дейін көтеріледі.
Алайда күннің жылынуына қарамастан,фронтальды жүйелер өз әсерін жалғастырады. Елдің кей жерлерінде жаңбыр жауып,найзағай ойнайды,жел күшейеді,сондай-ақ бұршақ түсуі мүмкін.