бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері жарияланды

2025-06-13     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бүгінде 855 мыңнан астам адам көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Олардың мөлшерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа","Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған,І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

"Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған,І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға артқанын айтылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap