бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанада алғашқы LRT вагондары рельске қойылды

2025-06-13     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада алғашқы жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамдары рельске қойылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LRT туралы алғаш рет 2005 жылы айтылған болатын. 20 жылдан кейін алғашқы вагондар Астанаға жеткізіліп,рельске қойылды. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі уақытта құрамдар орналасқан әуежай ауданында болды.

Әр құрам төрт вагоннан тұрады. Олар Қытайдың Таншань қаласында өндірілген.

Екі құрам арнайы жабдықталған автотрайлерлермен жеткізілді.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Бұған дейін құрамдарды өндіруде жолаушылардың қозғалыс және акустикалық жайлылығын қамтамасыз ету үшін заманауи жеңіл әрі берік материалдар қолданылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік,9 маусымда елордаға жеңіл рельсті көліктің (LRT) алғашқы құрамдары жеткізілді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap