бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады

2025-06-20     IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға шақырды,себебі алаяқтар жалған құжаттар мен реквизиттерді,сондай-ақ,жалған мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желідегі парақшаларды пайдаланып,алдауы мүмкін.

"Алаяқтардың көздейтіні - азаматтардың жеке шотына,депозитіне,ақша аударымдарына қол жеткізу және атына онлайн несие немесе микрокредит рәсімдеу",- деп ескертті Ұлттық банк өкілдері.

Олар өзін Ұлттық банктің,мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының,екінші деңгейлі банктердің,ұялы байланыс операторының немесе коммуналдық қызметтің қызметкеріміз деп таныстыруы мүмкін. Сондай-ақ,азаматтарға түрлі сылтаумен хабарласып,жалған құжаттар мен банкке ақша аударуға арналған реквизиттер жіберуі де ықтимал.

"Алаяқтар сізге келген SMS хабарламаны,растау кодын жіберуді,күмәнді сілтемелерге кіріп,түрлі қосымшаларды жүктеп алуды немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды сұрайды. Оның бәрі - телефоныңыздағы барлық ақпаратқа қол жеткізу үшін жасалатын қулық. Ұлттық банк азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Кез келген қоңырау,хат,хабарлама немесе сұрау салған кезде оның рас-өтірігін міндетті түрде тексеріп алған жөн. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз,өзіңіз білмейтін қосымшаларды телефонға жүктемеңіз және бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармаңыз",- деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше,банк қызметкерлері жеке тұлғаларға ешқашан аудио және видеоқоңырау шалмайды,жеке шоттарын жүргізбейді,қандай да бір инвестициялық қорларға немесе қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайды,қаражатты сақтандырмайды және халықпен ақшалай есеп айырыспайды.

"Алаяқтарға тап болсаңыз,дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгініп,арыз жазуға кеңес береміз. Қосымша кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласа аласыз",- деп жазылған хабарламада.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap