бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Сенатта ҚҚС бойынша шекті төмендету ұсынылды

2025-06-23     HaiPress

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар жаңа Салық кодексі жобасын қарау кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегін төмендетуді ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов салық-бюджет реформасы аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістерді баяндады.

"ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 000 АЕК-тен (2025 жылы 78,6 миллион теңге) 10 000 АЕК-ке (2025 жылы 39,3 миллион теңге) дейін төмендету ұсынылады",- деді Мәкежанов.

Комитет өкілі бұл өзгеріс бизнестің бөлшектенуімен күресуге бағытталғанын мәлімдеді,яғни компаниялар белгіленген шектен төмен болу үшін бірнеше заңды тұлғаға бөлініп,ҚҚС төлемейді.

Жаңа Салық кодексін талқылау кезінде Үкімет бұл шекті 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды,бұл бизнес пен сарапшылар арасында қызу дау тудырды. Кейбіреулер бұл қадам шағын бизнестің жұмысын қиындатып,кәсіпкерлерді жалпы салық режиміне көшуге мәжбүр етіп,қосымша әкімшілік және қаржылық шығынға әкеп соғуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Нәтижесінде депутаттар мынадай шешім қабылдады: жаңа шекті 10 000 АЕК деңгейінде белгілеу (2025 жылы 39,3 миллион теңге).

Бүгін сенаторлар Саaлық кодексіне енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда қарастырып жатыр. Заң жобасы мақұлданған жағдайда ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықталады,кейін екінші оқылымға шығарылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap